07
декабрь
2018
Қамқоршылық кеңес жұмысының №2 хаттамасы
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп –гимназия
2018-2019 оқу жылында өткізілген қамқоршылық кеңес мәжілісінің
№ 2 хаттамасы
Өткізілген күні: 07.12.2018 ж.
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
Қатысты: 15 адам
1. Қамқоршылық кеңестің төрағасы: О.Қараталова
2. Қамқоршылық кеңестің хатшысы: М.Жумадилова
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері, әкімшілік
Күн тәртібінде
1.Мектеп оқушыларының жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру туралы.
2.Әртүрлі мәселелер
а) Ата –аналардың мектеппен байланысы туралы
б) Ата –аналардың сабаққа қатысуы туралы
в) Мектеп –гимназия оқушыларының формасы туралы.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы О. Қараталаова сөз алып, мектеп–гимназия ата-аналарынан жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру туралы өтініштер түсікендігі туралы айтты. Өтініштің мазмұнында бүгінгі таңда көптеген мектептер жаңа жылдық мерекені мектептен тыс жерде өткізуді жоспарлап отыруларына байланысты ата-аналардың жұмыстан қолдары тимейтіндіктерін, жаңа жылдық мерекені мектеп қабырғасында өтуіне сырттан келген жаңа жылдық бағдарламасы бар театрлық қойылымдарға келісім беретіндіктері айтылған. Кеңес мүшелері оз ойларын ортаға салды. Жаңа жылдық мерекенің мектепте өтілуі ата- анаға және оқушыға тиімді жақтары айтылды. Кеңес мүшелері Жаңа жылдық мерекені мектеп қабырғасында ұйымдастыруды қолдайтындығы шешілді. Осы мәселені жан-жақты талқылай отырып жалпы ата-аналар жиналысында күн тәртібінің мәселесінде каралатындығы бірауыздан шешілді.
Екінші әртүрлі мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Момынжанова сөз алып, ата–аналардың мектеппен байланысы туралы сөз қозғады. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы М.Жумадилова ата-аналардың мектеппен байланысы шақырту арқылы ғана болатынын баса айтты. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 5 күндік жұмыс режиміне ауысу, критериалды бағалау жүйесі туралы, «Күнделік. кz» электронды жүйелеріне кіру арқылы мектеппен байланыстың артатындығы айтылды.
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы Гиззат Нұржан ата-аналардың сабаққа қатысуы туралы өз ойын ортаға салды. Жалпы ата-ана баласының сабағына қатысуға құқылы, бірақ менің ойымша оқушыда ата-анасының шектен тыс қадағалауының арқасында сенімсіздік, қолайсыздық пайда болады. Сол себептен қажетті жағдайда ғана сабаққа қатысу керек деп ойлайтындығын айтты. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Адильбекова Айгуль Отегеновна мектеп оқушыларының формасы туралы сөз қозғады. Жалпы мектеп –гимназияның ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылардың мектеп формасы және спорттық форма сақталған. Қыс мезгілінде күннің суықтығына қарай уақытша жылы свитерлер мен джемперлер киіп жүрген оқушылар бар екендігі айтылды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы О. Қараталаова кеңес отырысын қорытындылай келе жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы жалпы ата–аналар жиналысында күн тәртібіне қойылып, айтылытындығын айтты. Сонымен қатар, әр сыныптың ата-аналар комитетімен бірлескен жұмысты жандандыру керектігіне баса назар аударылды.
Шешімі:
1.Жалпы ата-аналар жиналысында жаңа жыл мерекесінің мектеп –гимназияда ұйымдастырылып өткізілуі туралы мәселесі қаралсын.
2.Қамқоршылық кеңесі мүшелері мен сыныптардағы ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысы жандандырылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: О.Қараталова
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: М.Жумадилова