Қамқоршылық кеңес жұмысының №1 хаттамасы » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2018

Қамқоршылық кеңес жұмысының №1 хаттамасы

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп –гимназия
2018-2019 оқу жылында өткізілген қамқоршылық кеңес мәжілісінің
№1 хаттамасы

Өткізілген күні: 15.09.2018 ж.
Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Қатысты: 15 адам

1. Қамқоршылық кеңестің төрағасы: О.Қараталова
2. Қамқоршылық кеңестің хатшысы: М.Жумадилова
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері, әкімшілік

Күн тәртібінде

1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамын өзгерту туралы
2. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы О. Қараталаова сөз алып, кеңес мүшелерінің жаңа оқу жылындағы сапалық құрамы туралы айта отырып, 1,6,9 сынып параллель ата-аналарының орнына басқа ата-аналардың, ауысқандығын мәлімдеді.
Олар:
1.Гиззат Нұржан – округ инспекторы
2.Байдосова Назгүл Маратовна - 1 «ж» сынып ата – анасы
3.Мамешова Санат Алишериевна 5 «б» сынып ата-анасы
4.Қабдуалиева Торғын Қабдешқызы – 9 «а» сынып ата- анасы
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Момынжанова сөз алып, қамқоршылық кеңесі мүшелеріне мектепте өтілетін іс –шаралар тізбегін таныстыра отырып, қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарына кіргізілетін шараларға тоқталды. Атап айтса алдымызда келе жатқан наурыз мерекесіне арналған іс –шаралар, спорттық жарыстар, байқаулар, көктем айында атқарылатын көгалдандыру жұмыстары және т.б тоқталды.
Келесі кезекте қамқоршылық кеңесінің төрағасы О. Қараталаова 2018-2019 оқу жылына құрылған жұмыс жоспарының негізгі төрт бөлімнен тұратындығын айтты. Олар: ұйымдастырушылық жұмыс, бақылау, БҰ қызметі мәселелері бойынша мектеп іс –шараларына, конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу және қамқоршылық кеңес отырыстары. Жоғарыда айтылған бөлімдерді негізге ала отырып, кеңес мүшелері кейбір мәселелерді ортаға салды. Қамқоршылық кеңес мүшелері атқаратын іс-шаралардың мазмұнды болып өтуіне атсалысайық деген ұсыныс білдірді және осыған байланысты жасайтын жұмыстарды бөліп алды.


Шешімі:
1.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің сапалық құрамымен таныстырылды деп саналсын.
2.Мектептегі іс –шаралардың өтуіне ықпалын тигізу үшін әрбір паралелден ұсынылған мүшелер сыныптағы ата- аналар төрағасымен тығыз байланыс орнатсын.


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: О. Қараталова

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: М. Жумадилова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив