Мектеп инспекторының ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есебі » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2018

Мектеп инспекторының ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есебі

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы» КММ
080004 Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы, тел: 54-34-89 asa49@ mail.ru

ХАТТАМА
08. 10.2018 ж .
 Төраға Жумадилова Д.
 Хатшы Ходжаева Г.
 Қатысқандар:
 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері-5,
 мектеп әкімшілігі-5.

Күн тәртібінде:
Мектеп инспекторының ата-аналар мен қамқоршылық кеңес
мүшелерінің алдында есебі
Тыңдалды:
 Мектеп –гимназия директоры Д.Жумадилова сөз алды:
Құрметті қамқоршылық кеңестің мүшелері және мектеп әкімшілігі, Тараз қалалық білім бөлімі облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылдың 29 мамыр күні облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметін «Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар мен техникалық-кәсіптік білім мекемелерінің білімгерлері арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және мектептерге бекітілген полиция инспекторларының жұмысын үйлестіру жөніндегі» 2018 жылға бірлесіп жасалған жоспар шеңберінде инспекторлардың ата-аналар мен қамқоршылық кеңес (үкіметтік емес қоғамдық үйым, КДН комиссия мүшелерінің, мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен) мүшелерінің алдында есеп беру жұмысын ұйымдастыруды тапсырған болатын.
 
Осыған орай, мектептерде құрылған қамқоршылық кеңестің (ата-аналардың) алдында бекітілген кестеге сәйкес бүгін аталған жұмысты ұйымдастырып отырмыз. 
 
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Д.Құдайбергенов сөз алды:
 
2018 жылдың өткен кезеңі ішінде облыстың ішкі істер органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың профилактикасы тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.
 
Ішкі істер органдарыа түрлі құқық бұзушылықтары үшін 7042 кәмелетке толмаған жеткізілген. 1062 жасөспірім және 664 жайсыз отбасы есепке алынған. Арнайы мектепке 41 кәмелетке толмаған жасөспірім орналастырылған. 57 ата-ана құқығынан айырылған.
 
Өткен кезеңде 2428 бірлескен рейд өткізілді., оның ішінде жастар мен жасөспірімдер шоғырланатын жерлерді тексеруге бағытталған1908 мектептік іс-шаралар , олардың барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 6054 жасөспірім жеткізілген., оның ішінде спирттік ішімдік ішкені үшін-182, бұзақылық жасағаны үшін-95, оқудан жалтарып, қаңғыбастыққа салынып, садақа сұраумен айналысқаны үшін-390 жасөспірім, түнде мезгілде қадағалаусыз жүргені үшін3215, өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде 35 жағдайда спирттік ішімдіктер ішу деректерінің жолы кесілді. Барлығы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 435 жасөспірім орналастырылды.
 
Ағымдағы жылы мектеп және колледж оқушыларының ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталған жағдайлар бұрынғысынша сиремей отыр, бұл ата-аналар тарапынан нашар бақылау мен тәрбиенің жоқтығынан орын алды. Сондай жағдайлардың ішінде 14 жасар біздің мектептің оқушысы Мұқышев Ариманның топтық төбелесте өзі қатарлас балаға пышақ жарақатын салуы. 
(Баяндама мәтіні тіркелді.)
 Баяндамашыға сұрақтар қойылды:
1.Д.Жумадилова: Құқық бұзушылықтың алдын алуда қандай іс-шаралар жүргізілді?
 
Д.Құдайбергенов: Оқушылармен жеке сөйлесу, ұлдармен, қыздармен әңгіме, рейдтік іс-шаралар. Рейдтік іс-шаралар барысында оқушылардың мектепке қымбат смартфондар әкелетіні анықталып отыр. Ұялы байланысқа қатысты мектеп-гимназия директорының 2018 жылдың 03 қыркүйек күнгі №283 бұйрығы бар. Ата-аналар жиналыстарында барлық ата-ана таныстырылып, қолдарын қойған. Смартфон әкелген оқушының ата-анасы шақырылып, телефон ата-анаға қайтарылады.
2.Иманбаева Ж.: Оқушылар арасында қоқан-лоқы көрсетіледі ме? Оны қалай
 анықтайсыздар?
Д.Құдайбергенов: Мектепте «Сенім жәшігі» орнатылған. Оқушылар, орын алған құқық бұзушылықтар туралы өз пікірлерін жазып, осы жәшікке салады. Сонымен қатар, оқушылармен жеке әңгіме жүргізіледі, ата-аналары немесе заңды өкілдері шақырылады, алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
3.Байдосова Н.: қазір мектепте есепте тұрған оқушы бар ма?
Д.Құдайбергенов: ЖПҚБ тіркеуде оқушы жоқ, бірақ мектепішілік есепте-1, «қауіпті топ» есебінде-1 бар. Тұрмысы қолайсыз отбасы, сабақтан себепсіз 10 күннен артық қалатын оқушылар жоқ.
 
4. М.Жумадилова: Мен осы «Аса» мөлтек ауданындағы №15 үйде тұрамын. Пәтерімнің терезесінен желім иіскеп отырған жігіттерді көремін. Бірақ олар ересек. Өзім ескерту жасайын десем, балаларымның қауіпсіздігін ойлаймын. Осыған қандай іс-әрекет жасайсыздар?
 
Д.Құдайбергенов: Көрген кезде полицияға хабарлауыңыз керек. Содан кейін полиция қызметкерлері өз әрекеттерін ұйымдастырады. Тұрғындар көмектеспесе, мөлтек аудан аумағы үлкен. Қай жерде не болып жатқанын біле бермейміз. Құқық бұзғандармен күресу бәріміздің азаматтық парызымыз емес пе?

Шешім қабылдады: 
1.Мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Д.Құдайбергеновтың есебі қанағаттандырарлық деп танылсын.
 2.Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алда ата-аналармен бірлескен жұмыстары жалғастырылсын.
 3.Мектеп инспекторы сенімді ізбасарларын тәрбиелеу мақсатында мектептегі тәртібі нашар оқушыларға ықпал ете отырып, «Полицияның жас көмекшілері тобымен» құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізсін.


 Төраға Д.Жумадилова
 Хатшы Г.Ходжаева

Мектеп инспекторының ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есебі






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив