24
октябрь
2025
25 қазан - Республика күні құтты болсын!
Бүгін мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті! 
Барша ұстаздар және оқушылар біркісідей атсалысып, ерекше мерекелік көңіл күйде оқушыларымыздың өнерін тамашаладық. 
Әрбір ән, би, көрініс — Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың айғағы болды. 
Жас өнерпаздарымыз сахнада өз дарынын ғана емес, елге деген жүрек жылуын көрсетті. 
Бүгін сахнада шынайы патриотизм мен өнер үндесті! 
Оқушыларымыздың әр қимылы — Отанға деген махаббаттың көрінісі.
Мерекелік шара ұлт бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін сезіндіретін ерекше әсер қалдырды.
Осындай рухты, шаттыққа толы күндер көп болсын! 