15
октябрь
2018
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия директоры Д.Жумадилова қамқоршылық кеңесі отырыстында есеп берді
2018 жылдың 15 қазан күні мектеп-гимназия директоры Дариға Мырзатайқызы қамқоршылық кеңес отырысында 2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Атап айтсақ, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға берілген көмек туралы, тәрбие бағыты бойынша, құқықтық-тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар және әдістемелік жұмыстың қорытындысына кеңінен тоқталды. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Мектеп-гимназия директоры өз кезегінде алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстардың әрі қарай жалғасын табатындығын мәлімдеді.
