03
сентябрь
2018
1 қыркүйек - Білім күні
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияда 1 қыркүйек күні «Армысың, алтын ұя мектебім!» атты білім күні мерекесіне орай патриотизмді қалыптастыру тетіктерін жүзеге асыру шеңберінде біріңғай «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді, Жаңа оқу жылында мектеп-гимназия табалдырығын 228 бүлдіршін аттады. Салтанатты жиынның алғы сөзін мектеп – гимназия директоры Дариға Мырзатайқызы алып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияда 3 қыркүйек «Армысың, алтын ұя мектебім!» атты білім күні мерекесіне орай патриотизмді қалыптастыру тетіктерін жүзеге асыру шеңберінде біріңғай «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында 1 сынып оқушыларына «Менің Отаным- Қазақстан», 2-3 сыныптарға «Мен кішкентай патриотпын», 5-сыныптарға «Мен өз елімнің патриотымын», 9-сыныптарға «Патриотизм –ұлттық рухтың асқақ белгісі», 11-сыныптарға «Астана-менің жүрегім» тақырыптарында ашық-тәрбие сағаттары өткізілді.