"Үш тұғырлы тіл - болашақтың кілті" пікірсайыс турнирі » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2018

"Үш тұғырлы тіл - болашақтың кілті" пікірсайыс турнирі


   Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үш тұғырлы тіл – болашақтың кілті» тақырыбында 2018 жылдың маусымашар оқушылар арасындағы қалалық пікірсайыс турнирі 20 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында болып өтті. Аталмыш іс-шараға 25 мектеп, 41 фракция, 82 оқушы қатысты.

   Іс-шараның негізі мақсаты:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламаның міндеттерін жастар арасында насихаттау.
Жастарды көшбасшылық қасиеттерге дағдыландыру, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру арқылы пікірсайысшы жастардың интеллектуалды элитасын қалыптастыру; 
-Жастардың азаматтық пікірінің қалыптасуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету, жастар арасында мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және оларды шешу бағытында тың идеяларды тудыруға мүмкіндік жасау болып табылады.

1

   Қалалық пікірсайыс турнирін Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия директоры Дариға Мырзатайқызы Жумадилова және Жамбыл облысық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» ЖҚБ төрағасы Нурсейіт Ғалымжанұлы Қарабаев ашып берді. 
Турнирдің бас төрешісі «Жамбыл облыстық ауыл жастары одағы» корпаративтік қорының атқарушы-директоры Лесбек Азамат Қайратұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, қатысушыларды ойын ережелерімен таныстырды. Бір күнге созылған турнир қорытындысы бойынша 1-орынды және «Үш тұғырлы тіл - болашақтың кілті» пікірсайыс турнирінің кубогын Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектептің «Алаш партиясы» фракциясы Ж.Байзақ, Д.Жамбыл иеленді. 2-орынды Білім инновациялық лицейінің «Ер жігіт» фракциясы Б.Марғұлан, Б.Сауранбаев иеленсе, 3- орынды №46 мектептің «Өрлеу-4» фракциясы, Б.Шакенбаева, Н.Әділбек иеленді. «Ең үздік спикер» номинациясы №5 мектептің 11-сынып оқушысы Сатекова Мадинаға бұйырды. Ойында жақсы өнер көрсеткен пікірсайысшыларға алхыс хаттар берілді. Турнирге қатысушылар іс-шара ұйымдастырушыларына өз ризашылықтарын білдірді.

"Үш тұғырлы тіл - болашақтың кілті" пікірсайыс турнирі

Похожие публикации:

13 июнь 2017 Флешмоб
13 июнь 2017 Флешмоб
13 июнь 2017 Флешмоб
13 июнь 2017 Флешмоб
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив