19
март
2019
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда атқарылған жұмыстардың есебі
Жиналыс төрағасы: Жумадилова Дариға Мырзатайқызы
Хатшы: Ш.Демешова
Қатысқандар : 5-11 сынып оқушыларының ата аналары
Күн тәртібі
«2019 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда атқарылған жұмыстардың есебі» туралы баяндама.
Баяндамашы: мектеп инспекторы полиция лейтенанты Д.Құдайбергенов
Тыңдалды:
Жиналысты мектеп-гимназия директоры Жумадилова Дариға Мырзатайқызы ашып, мектеп инспекторы Құдайбергенов Дидар Сексенбайұлына сөз берілді. Мектеп инспекторы жоспар бойынша 4 рет ұлдар және қыздар жиналысы өткізіліп, қалада орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларға байланысты кезектен тыс жиналыстар өткені туралы тағы айта кетті. Мектепке тыйым салынатын смартфон ұялы телефондарын, бағалы қымбат әшекейлі заттар, бала өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін кәмпит, сағыз т.б заттарды сатып алуға жол бермеу барысында күнделікті, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралар жүргізіліп оның қорытындысы бойынша ұялы телефон қолданып жүрген оқушыға акт толтырылып, ата-аналарға бала өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін жабайы заңсыз сауда орындарда рұқсаты жоқ өнімдерді сатып алуға жол бермеу керектігі ескертті. Балаларға әр түрлі тақырыптағы дәрістер жүргізіліп, жиналыстарда: «Белгісіз бөтен адамдардың қолынан тегін таратылатын өнімдерді алмау», «Интернет желісінде расталмаған ақпарат пен заңсыз контентті таратудың жолын кесу», «ҚР ӘҚБтК-тің 442,132,133,435 баптарымен таныстыру», «Абайла жаяу жүргінші», «Бейтаныс адамдармен сөйлесуге, уйге кіргізуге және бөтен автокөлікке қамқоршысыз отыруға болмайды», «Бопсалау, өзгелерге үстемдік жасамау, өзгенің затын жасырын түрде ұрламау», «Зорлық-зомбылыққа жол қарсы күрес және оның алдын алу іс-шаралары» , «Есірткі заттардың жасөспірімнің ағзасына зияндылығы» т.б. тақырыптарға жұмыс жүргізгенін баса айтып, ата-аналармен жұмыс, оның ішінде ата-аналарға ғаламтор желісінде келетін расталмаған ақпарат пен заңсыз контентті тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстар қамтылды.
Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысын жасап, алдағы мерекелік күндері балалардың демалысқа кететінін ескертіп , баланы күнде бақылауда ұстауын ескертті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар берілді:
Ұсыныс:
1.Мектеп инспекторымен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатылсын. 2.Мектеп инспекторы, мектеп әкімшілігі алдағы демалыс күніне орай рейдтік іс-шаралар жұмыстарын күшейтсін. Шешім: 1.Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
2.Әрбір ата-ана оқушыға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында отбасымен әңгіме жүргізсін.
3.Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар оқушының бос уақытын ұйымдастырып , сынып жетекшілермен мектеппен тығыз байланыста болсын.
4.Кешкі сағат 20:00 ден таңғы 6:00-ге дейін балалардың сыртқа шықпауын қадағалау ата-аналарға жүктелсін.
5.Мектепішілік тәртіп бұзушылықтың алдын алу, мектеп инспекторы мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ходжаеваға жүктелсін.
Мектеп гимназия директоры: Д.Жумадилова
Мектеп инспекторы: Д.Құдайбергенов
Мектеп инспекторы: Д.Құдайбергенов
