21
сентябрь
2023
Ата-аналар жиналысы өтті
2023-2024 оқу жылының l тоқсанының негізгі жұмыс жоспарына сәйкес мектептің ішкі тәртіп ережесі, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жаңа 2023-2024 оқу жылының мақсат-міндеттері тақырыбында ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі, мектеп-гимназия инспекторы М. Жигитбаев қатысып, жалпы бала қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында ата-аналарға зорлық-зомбылықтың, кибербулингтің алдын-алу, жолда жүру ережелері және велосипедте, роликті сырғы, скейтбордта немесе самокаттарда жүру ережелері бойынша жадынамалар таратылды.
