28
февраль
2019
Ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 28 ақпан күні 1 "Б" сыныбында "Баланың күн тәртібін қалайша құрастырамыз?" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың негізі мақсаты қазіргі кездегі баланың дамуына, күн тәртібіне, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым-қатынас орнату арқылы, мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқандығын түсіндіру болып табылады.
Сынып жетекшісі: Меруерт Алишева