16
февраль
2019
Ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 16 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияда "Жаңалыққа бастаған -жаңартылған бағдарлама" тақырыбында 3"Д" сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Ата-аналар жиналысын 3 "Д" сынып жетекшісі Нурмаханова Арайлым Игентайқызы өткізді. Жиналыс жаңартылған бағдарламаға негізделіп жасалды. Жиналыстың негізгі мақсаты ата-аналарға критериалды бағалау жүйесі туралы тереңірек түсінік беру. Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалауға байланысты түрлі тапсырмалар беріліп,оның ішінде бұрынғы репродуктивті және қазіргі конструктивті білім жүйесіндегі бағалауды салыстыруға топтық жұмыстар беріліп орындалды . (смайлик,бағалар "2","3","4","5")
Бұл тапсырмалар нәтижесінде қазіргі бағалау жүйесі ата-аналарға ұнады.Жаңа форматтағы жиналыстың тиімділігін айтты. Ата-аналар тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады.Жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол екенін түсінді.Жиналыс соңында ата-аналар өз алғыс тілектерін білдіріп,рефлекссиялық парақшасын толтырды.

