15
февраль
2019
Ата-аналар жиналысы
«Балаға көңіл бөлудің ең тиімді амалдары қандай?» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 15 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп – гимназияда «Балаға көңіл бөлудің ең тиімді амалдары қандай?» тақырыбында 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы болды. Жиналысты 2 «Ә» сынып мұғалімі Нурманова Тоғжан өткізді.
Ата-аналар жиналысында бала тәрбиесіне қатысты ата – аналарға кеңестер беріліп, ата-аналармен түрлі тренингтер жүргізілді. Жиналыс дәстүрлі түрде емес, жаңа форматта жүргізілді. Ата-аналарды топтарға бөліп, топтық жұмыстар тапсырылды. Ата-аналар топтық жұмыста өз ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді.
Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

