14
ноябрь
2018
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия ұжымы мен жоғарғы сынып оқушылары латын графикасындағы әліпбиге негізделген жалпыхалықтық диктант жазды.
Республикалық акцияға мектеп-гимназияның 157 педагогы және 280 оқушысы қатысты.
Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру болып табылады. Мектеп-гимназия ұжымы жаңа әліпбидің артықшылықтарымен бөліссе, оқушылар меңгеруге қиындық тудырмайтындығын айтып, ой бөлісті.
