07
сентябрь
2018
5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдер мерекесі
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осындай айтулы күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында 5 Қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған апталықтың қорытынды кеші болып өтті. Оқушылар үш тілде өлең оқып, сахналық қойылым қойып көрерменді тамсандырды. Сонымен қатар диктант, шығарма, эссе байқауларының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

