Мектеп-гимназия директорының қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі
Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні мектеп-гимназия директоры Дариға Мырзатайқызы Жумадилова қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар комитетінің төрағалары алдында 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына белгіленген міндеттері туралы онлайн форматында жиналыс өткізді.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелелер қаралды.
1.2019 - 2020 оқу жылының қорытындысы, қашықтықтан оқыту жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы.
2. 2020-2021 оқу жылындағы мектеп оқушыларының формасы, “Жазғы мектеп” жұмысы және электронды форматта 1 сыныпқа қабылданатын оқушылардың құжаттарын қабылдау туралы
3. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары.
4. Әртүрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша пандемияға байланысты 6 сәуірден бастап мектеп–гимназияда қашықтықтан оқыту жұмыстары өз дәрежесінде ұйымдастырылып, оқу жылын ойдағыдай аяқтағаны туралы айтылды.
Сонымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес АҚ-ның ұсынып отырған «Microsoft Teams» білім беру платформасы негізінде республика бойынша бірнеше мектеп пилоттық жобаға енгенін айта келіп, мектеп–гимназияның да осы пилоттық жобада екендігі жөнінде сөз қозғады.
Екінші мәселе бойынша мектеп оқушыларының формасына толығырақ тоқталып, 1 сыныпқа қабылдау туралы мәліметтер мектеп -гимназияның Facebook парақшасында жарияланатындығы айтылды.
Үшінші мәселе бойынша оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс кезінде олардың өмір қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде ескертіліп, ата-анаға жаз мезгілінде үлкен жауапкершілік арттырылып отырғандығы айтылды.
Жиналыс соңында ата -аналар толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан оқу жылының аяқталуына байланысты ұстаздар қауымына ризашылық білдіріп, құттықтаулар айтылды.