Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанған Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның дарынды оқушысы Аманжол Нұрханымды мектеп ұжымы зор құрметпен қарсы алды. Мектеп директоры Гульфия Сәбитқызы жас жеңімпазды арнайы құттықтап, білім мен ғылым жолындағы табандылығы үшін алғысын білдірді. Бұл – тек Нұрханымның ғана емес, бүкіл мектептің абыройы мен мерейі! Сыныптастары қуанышпен қарсы алып, ыстық ықыластарын білдірді. Пән мұғалімі мен сынып жетекшісі шәкіртінің жетістігіне