Жеңіс құтты болсын!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! «Robotec Grand Tournament» халықаралық чемпионатының облыстық кезеңінде оқушыларымыз Өскенбай Ерасыл мен Жакибек Нұржігіт үлкен жетістікке қол жеткізді! «Туды жеткізу» санаты бойынша І орынды иеленіп, өздерінің білімдері мен робототехника саласындағы шеберліктерін дәлелдеді. Жетекшісі – Сұлтанғалиев Алмас. Дарынды оқушыларымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз жалғаса берсін!