20
февраль
2026
Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанған Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның дарынды оқушысы Аманжол Нұрханымды мектеп ұжымы зор құрметпен қарсы алды.
Мектеп директоры Гульфия Сәбитқызы жас жеңімпазды арнайы құттықтап, білім мен ғылым жолындағы табандылығы үшін алғысын білдірді. Бұл – тек Нұрханымның ғана емес, бүкіл мектептің абыройы мен мерейі!
Сыныптастары қуанышпен қарсы алып, ыстық ықыластарын білдірді. Пән мұғалімі мен сынып жетекшісі шәкіртінің жетістігіне мақтаныштарын жеткізіп, еңбегінің жемісті болғанын атап өтті.
Осындай дарынды, ізденімпаз оқушыларымызбен мақтанамыз!
Жеңіс құтты болсын, НҰРХАНЫМ! Алар асуларың биік болсын!