"Заң және тәртіп" айлығы аясындағы маңызды кездесу
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы топ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге арнайы келген қонақтар: Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Рысбаева Ардақ;№2 қалалық емхананың дәрігер-психологы Әбиков Аслан;Спорт мектебі директорының орынбасары Бекежанов Артық. Оқушылармен бірге құқықтық тәрбие бағытында мазмұнды әңгіме жүргізілді.