02
сентябрь
2017
Мектеп формасы
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын
талаптарды бекіту туралы
талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы
16 ақпанда №13085 болып тіркелді.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптар
қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде.
10. Ұлдардың формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
12. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
