Ғылыми - әдістемелік орталықтың жұмысы » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2018

Ғылыми - әдістемелік орталықтың жұмысы

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп–гимназияның ғылыми–әдістемелік жұмысы

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгертуге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс.Тек қана жоғары дәрежедегі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежелегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

Әдістемелік орталықтың тақырыбы: Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Мақсаты: Инновациялық технологияларды енгізу арқылы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру, өзін–өзі дамытып, оқу–тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыруына көмек
көрсету.


Міндеттері:
оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырған қазіргі заманғы педагогикалық инновациялық
жаңалықтарды терең меңгеру;
– білім берудің мазмұнын жаңарту;
– оқытудың озық технологияларын енгізу;
– оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;
– шығармашыл тұлға қалыптастыру.





Ғылыми–әдістемелік жұмыс мына төмендегі нормативтік-құқықтық құжаттар
негізінде жүргізіледі


1. Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ бөлімі 30-шы бабының 4-ші параграфы: «Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез-келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек».
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарғы арналған ұлттық іс- қимыл жоспары»
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты»;
6. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ,бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары ( «Біз мектепке барамыз», 2010 ж.);
7. ҚР білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
8. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы.
9. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 257 б.


Ғылыми-әдістемелік бақылаудың негізгі бағыттары


І. Педагог кадрлармен әдістемелік жұмысты жүргізуді бақылау.
Кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстарын бақылау
• Жас мамандармен жұмыс деңгейін бақылау
• Мұғалімдердің іс-тәжірибесінің таратылу деңгейін бақылау
• Мұғалімдердің жаңа технологиямен жұмысын, ақпараттық технологияны қолдануын бақылау
• Дарынды оқушылармен жұмыстың жүргізілу деңгейін бақылау
• Әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын бақылау

ІІ. Пәндерді оқыту барысына басшылық

Оқушылардың даму деңгейі және білім ,білік, дағдыларының сапасын бақылау
• Пәндердің оқытылу сапасын бақылау
• Оқу бағдарламасын орындалуын бақылау


ІІІ. Нормативтік құжаттардың жүргізілуін бақылау
Факультатив сабақ (пән бойынша) журналын, үйірме жұмыстарының жоспарын тексеру
• Бақылау және сарамандық жұмыс дәптерлерінің сапасын бақылау
• Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларының өтілуін бақылау
• Кітапхана жұмысын бақылау
• Мұғалімдердің жоспарларының орындалуын бақылау




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив