06
ноябрь
2019
Кездесу өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету,оларға қарсы зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында акция өтілуде. Акцияны өткізуге 4 топ құрылған. Акция аясында мектеп -гимназияға 3 топ мүшелері: №1 полиция бөлімінің инспекторы, капитан Жалдыбаев Әбдіғали Нұрғалиұлы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Жаппасбаев Маулен Мұхитұлы мектеп - гимназия ұлдарына дәріс өткізді.Дәріс барысында Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен жасалған қылмыстардың статистикасына тоқталды. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының жасөспірімдерге арналған бейнебаяны көрсетілді. Дәріс соңында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандарға қатысты баптарына тоқтала отырып,заң талаптарын орындауға шақырды.