03
октябрь
2019
Ардагер ұстаздармен кездесу кеші
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысында, данасында ғылымында, еңбекқор егіншісінде, кеншісінде ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардыда сондай ардақтауға міндеттіміз" деген ойына толықтай қосыла отырып мектеп-гимназияда "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп-гимназия өрендері кездесу кеші барысында әннен шашу төгіп, сұрақтар қойып, ардагер ұстаздардың жылы лебізіне бөленді.
