Іс-шаралар » Страница 39 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Армысын,алтын күз!" тақырыбында бал кеші
12
октябрь
2019
"Армысын,алтын күз!" тақырыбында бал кеші
      Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын дейтін себебі айналаның бәрі сап-сары түске боялып керемет бір түрге енеді. Қазанның 12 жұлдызында мектеп-гимназияда күз мезгілінің жайма шуақ күнінде "Армысын,алтын күз!" тақырыбында бал кеші өткізілді. Бал кешіне 9 - 10 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында әр жұп өздерін таныстырып, "Білімді
Онкүндіктің ашылуы
10
октябрь
2019
Онкүндіктің ашылуы
"Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Орыс тілі - қарым қатынас тілі. Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі " . Қазанның 9 жұлдызында ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "English is around us" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өткізілді. Іс -шара барысында мектеп -гимназия оқушылары тіл туралы ойларын айтып, ән салып, би билеп, жыр шумақтарын тарту етті.
"Қыз тәрбиесі - ел болашағы"
10
октябрь
2019
"Қыз тәрбиесі - ел болашағы"
"Қыз тәрбиесі - ел болашағы" тақырыбындағы халықаралық қыздар күніне арналған онкүндігі аясында мектеп - гимназияда 9-11 сынып қыздарына "Қыз баланың гигиенасы" , "Бүгінгі қыз - болашақ ана" тақырыптарында ЖФЖШС "Almaz Medical Group" акушері С. Усенова және психолог А. Молдазайым әңгіме - сұхбат жүргізді.
Ұстаздар мерекесі
05
октябрь
2019
Ұстаздар мерекесі
Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға - деп, Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымының мерекесі 4 қазан күні "Ұстаз -ұлы тұлға"  тақырыбында салтанатты түрде атап өтілді. Мерекеде жас мамандар қабылданып, ұстаздарға құрмет көрсетіліп, марапатталды. Мерекелік іс -шарада әсем әннен жыр шашылып, күміс күмбір домбырадан күй төгіліп, ұстаздар қауымына әсерлі көңіл күй сыйлады. Мереке құтты болсын!  
Ардагер ұстаздармен кездесу кеші
03
октябрь
2019
Ардагер ұстаздармен кездесу кеші
     Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысында, данасында ғылымында, еңбекқор егіншісінде, кеншісінде ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардыда сондай ардақтауға міндеттіміз" деген ойына толықтай қосыла отырып мектеп-гимназияда "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп-гимназия
Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
03
октябрь
2019
Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
     2019 жылдың 3 қазан күні Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, бірталай жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ 1-4 сыныптарда дүниетану,математика пәндерімен кіріктірілген түрде "Егер жер алма болса" тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында "Жердің температурасы", 10-11 сыныптарда "Мұхиттағы тіршілік" , "Мұхиттар қауіпті жағдайда" тақырыптарында экосағаттар өткізілді. Ата-аналар, сынып жетекшілер, оқушылармен бірлесе отырып осы күні мектеп айналасын
"Әкелер бізде қонақта" атты онкүндік өткізілді
28
сентябрь
2019
"Әкелер бізде қонақта" атты онкүндік өткізілді
   Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы-дей отыра мектеп-гимназиямызда "Әкелер бізде қонақта"  атты онкүндік өткізілуде. Онкүндік барысында өткізілген бірегей іс-шараның бірі "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы"  тақырыбындағы облысымызға танымал тұлғалармен кездесуді оқырман қауымға ұсынып отырмыз. Кездесу кешінің қонақтары: Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,«Әй,аңқау басым-ай», «Қойыртпақ», «Нағыз қойыртпақ» кітаптарының авторы
"Жаңартылған білім мазмұнында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау" тақырыбында семинар жүргізілді.
14
сентябрь
2019
"Жаңартылған білім мазмұнында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау"
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді,- деп ұлы адамдар айтқандай қазіргі таңда сынып жетекшіге заман ағымына сай жан-жақты болуды талап етеді. Осыған орай сынып жетекшілерге арналған "Жаңартылған білім мазмұнында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау" тақырыбында семинар жүргізілді.
Баланың бас ұстазы-ата-ана" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы
14
сентябрь
2019
Баланың бас ұстазы-ата-ана" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы
14 қыркүйек күні 1 сынып ата-аналарына "Баланың бас ұстазы-ата-ана" тақырыбында өткізілген жиналыста мектеп-гимназияның ішкі тәртіп ережесі таныстырылып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында оқу үрдісін цифрландыру жайында қажетті құнды мәліметтер беріліп, психологиялық кеңестер ұсынылды.
Эстафеталық жарыс!
12
сентябрь
2019
Эстафеталық жарыс!
Отбасы мерекесіне орай 4 сыныптар арасында өткізілген "Ата-анам және мен" отбасылық эстафеталық жарысы.