03
октябрь
2019
Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
2019 жылдың 3 қазан күні Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, бірталай жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ 1-4 сыныптарда дүниетану,математика пәндерімен кіріктірілген түрде "Егер жер алма болса" тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында "Жердің температурасы", 10-11 сыныптарда "Мұхиттағы тіршілік" , "Мұхиттар қауіпті жағдайда" тақырыптарында экосағаттар өткізілді. Ата-аналар, сынып жетекшілер, оқушылармен бірлесе отырып осы күні мектеп айналасын көгалдандыру жұмыстарын жасап, ағаштар отырғызылды.
Бұл іс-шаралар тізбегі "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" атты сахналық кешпен қорытындыланды.
Бұл іс-шаралар тізбегі "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" атты сахналық кешпен қорытындыланды.