Іс-шаралар » Страница 18 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбына суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
28
февраль
2023
"Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбына суреттер көрмесі
      Қазақ «Бірлік болмай тірлік болмас», дейді. Берекені көздеген ел қашанда татулықты ту етуден жалықпаған. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті қазақ жері көптеген этнос өкілдеріне құтты қоныс болды. Содан болар, бүгінде ел ішінде тату тірлік бар, ынтымақ пен бірлік бар. Осыған орай тату елдің ынтымақтастығы үшін "Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбына
"Қарым-қатынас үйлесімділігі" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен тренинг өтті.
27
февраль
2023
"Қарым-қатынас үйлесімділігі" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен
      "Қарым- қатынас  үйлесімділігі" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен тренинг өтті. Мақсаты: даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды өз бойына сіңіру,  оқушыларға көркем мінезді бола білу артықшылығын сезіндіру. Қақтығысқа түспеу жолдарын, одан икемді шығу жолдарын айқындау.
Диагностикалық тест, коммуникативті ұйымдастырушылыққа бейімділігін анықтауға арналған сауалнама алынды.
27
февраль
2023
Диагностикалық тест, коммуникативті ұйымдастырушылыққа бейімділігін
    Кәсіби бағдар беру мақсатында "Мамандығым-тағдырым" тақырыбында, оқушылардан диагностикалық тест, коммуникативті ұйымдастырушылыққа бейімділігін анықтауға арналған сауалнама алынды. Нәтижесіне қарай, ұсыныс пен кеңес берілді.
"Тәжік-Ауған соғысында от кешкендер" тақырыбында ардагерлермен ерлік сағаты ұйымдастырылды.
15
февраль
2023
"Тәжік-Ауған соғысында от кешкендер" тақырыбында ардагерлермен ерлік
     1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес Одағының әскері Ауғанстан жерінен шығарылған күн. Осыған орай мектеп-гимназия кешенінде "Тәжік-Ауған соғысында от кешкендер" тақырыбында ардагерлермен ерлік сағаты ұйымдастырылды.  Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан "Тәжік-Ауған" соғысының ардагерлері: атап айтқанда  мектебімізден түлеп ұшқан түлек Қалиев Жанат Есентаевич және арнайы қонақ болып
"Қайырымдылық-асыл қазына" тақырыбында ашық сабақ
15
февраль
2023
"Қайырымдылық-асыл қазына" тақырыбында ашық сабақ
      Онкүндік апталықта "Қайырымдылық-асыл қазына" тақырыбында 10-сынып білім алушыларымен өткізілген ашық сабақтан көрініс.Білім нәрі жандарыңа шуақ құйып,нұр себелесін,жас шәкірт! 
"Кітап кімге бұйырады? " интеллектуалды ойыны өтті.
10
февраль
2023
"Кітап кімге бұйырады? " интеллектуалды ойыны өтті.
      Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінде 7-сынып білім алушыларының қатысуымен "Кітап кімге бұйырады?" интеллектуалды ойыны өтті. Халық ауыз әдебиетінің көне түрі мақал-мәтелдермен қаруланған білім алушылар өте керемет ойын көрсетіп, 7"Д" сынып білім алушысы Шахислам Аяна "1001 мақал" жинағын ұтып алды. Ұйымдастырушылар: Рахманова Г.,  Айдарова Ш.
«Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында пікірлесу алаңы
07
февраль
2023
«Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында пікірлесу алаңы
     Патриоттық тәрбиені нығайту жолында мемлекеттік рәміздерді киелі ұғымға айналдыру айрықша маңызды фактордың бірі. Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен дебат фракциясы мүшесі Уалихан Еңілік «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында пікірлесу алаңы ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу.
"Қазақ тілі-тарихи құнды, болашағы нұрлы, мәңгілік тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
07
февраль
2023
"Қазақ тілі-тарихи құнды, болашағы нұрлы, мәңгілік тіл" атты қазақ
       6 ақпан күні  қазақ тілі пәні мұғалімдері Л. Ақылбаева мен И. Шоханованың ұйымдастыруымен "Қазақ тілі-тарихи  құнды, болашағы нұрлы, мәңгілік тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Кеш барысында  сөз құдіреті мен  сөздің мәйегін жас ұрпақтың бойына  сіңіре білу, даналардың даралығын  бағалай алу мақсатында  Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" шығармасындағы  тұшымды ойлары  өмірдің өкінішті  жайттары көрініс тапты.  Мән-мағынасы
Ата-аналар жиналысы өткізілді
06
февраль
2023
Ата-аналар жиналысы өткізілді
      6 "Д" сыныбының жетекшісі Маглумова Рыскүл "Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбына ата-аналар жиналысын өткізді. Бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды, сөзсіз қажетті, қалаулы, өткінші емес, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, дініи сеніміне байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде  мағынасы бар құндылықтар жөнінде айтып өтті. 
Үздік ата-аналар комитеті қалалық байқауы
30
январь
2023
Үздік ата-аналар комитеті қалалық байқауы
     Мектептің үздік ата-аналар комитеті қалалық байқауының "Біздің комитет-балалар игілігі үшін" бейневизитка бөлімі бойынша 6 «Ж»сынып ата-анасы Уринбасарова Асемгул қатысуда, қолдау білдіріңіздер!