07
февраль
2023
"Қазақ тілі-тарихи құнды, болашағы нұрлы, мәңгілік тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
6 ақпан күні қазақ тілі пәні мұғалімдері Л. Ақылбаева мен И. Шоханованың ұйымдастыруымен "Қазақ тілі-тарихи құнды, болашағы нұрлы, мәңгілік тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Кеш барысында сөз құдіреті мен сөздің мәйегін жас ұрпақтың бойына сіңіре білу, даналардың даралығын бағалай алу мақсатында Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" шығармасындағы тұшымды ойлары өмірдің өкінішті жайттары көрініс тапты. Мән-мағынасы терең, берер өнегесі мол, оқырманын ойландыра білетін туынды оқушылар көрермендерге жеткізе білді.
