28
февраль
2022
"Қазақ отбасында қыз баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі; Әже тәрбиесі, жеңге тәрбиесі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез -келген зиялы қоғамның діңгегі. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата -ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. 5 "д" сынып білім алушылары 8 наурыз мерекесі қарсаңында "Қазақ отбасында қыз баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі; Әже тәрбиесі, жеңге тәрбиесі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Әжелері -Тойшыбекова Күлзипа, Қазанғапова Клара; аналары- Джапарбекова Асель, Үкіжанова Айнұр: жеңгелері - Байболова Балауса, Тұрсынбаева Ақмарал тәрбие сағатына қонаққа келді. Оқушылар әжелеріне, аналарына, жеңгелеріне жыр -шашуын арнаса, келеген қонақтар ақыл -кеңес, ұтымды ойларымен бөлісіп, тілектер арнады. Сынып жетекшісі Р.Маглумова
