12
сентябрь
2019
"Отбасым-менің қуатым" тақырыбындағы ашық сынып сағаттары
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны дей отырып, мектеп-гимназияда "Отбасы - бақыт мекені" атты апталықта бірталай іс-шаралар тізбегі өткізілді. Соның бірі - "Отбасым-менің қуатым" тақырыбындағы ашық сынып сағаттары.
