01
сентябрь
2021
1 қыркүйек-Білім күні!
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің
болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан
мектеппен тікелей байланысты.
1 қыркүйек Білім күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта бірінші сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Балаларға мектеп аумағында алғашқы оқулық "Әліппе" табысталды. "Білім күні" ашық аспан астында атап өтілді. 1 сыныптар үшін 1 қыркүйек күні өздеріне бекітілген сыныпта сынып сағаты өтілді.