14
апрель
2021
Түлектердің тал егу рәсімі
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Көктем — мезгілдің, жылдың жаңаратын уақыты ғана емес, адамның да жан дүниесін тазартатын, не тындырдым деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұс. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру мақсатында мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары 24 түп бозаршаны мектеп ауласына отырғызды.
