10
февраль
2021
Қайрымдылық жаса!
Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. Халқымыз да: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек. Төтенше жағдай кезінде мектебіміздің ата-аналарымен де жақсы қарым-қатынас орнатылып, жан-жақты қолдау көрсетілуде. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», деген халқымыздың игі сөзін ұстана отырып, қайырымдылық мақсаттағы жұмыстарымыз одан әрі жалғасын табады деген сенімдемін. "Қайрымдылық жаса" атты іс-шарасын ұйымдастырушылар өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері А. Атабаева, Б. Жалмаханова,Р. Далабаева, Ә.Демесинова


