03
апрель
2025
"Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында 9 сынып қыздарына дәріс сабақтар өткізді.
Заман талабына сай қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. №4 Almaz Medical Group ЖШС емханасының акушері А.Т. Жолшыбекова "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында 9 сынып қыздарына дәріс сабақтар өткізді.
