25
октябрь
2019
Сұхбат!
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар». Мектеп - гимназияда 7-8 сынып қыздарына "Қазақ қызы қандай болуы керек ?", "Қыз баланың жеке бас гигиенасы" тақырыптарында ЖФЖШС "Almaz Medical Group" сөс маманы А.Халықова, акушер С. Усенова және психолог А. Молдазайым әңгіме - сұхбат жүргізді.