15
январь
2019
Түлектер сабағы
«Түлектер сабағы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 15 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Мамандық-өмір таңдауы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Түлектер сабағының басты мақсаты ұрпақтар сабақтастығын орнату, мектеп оқушыларының туған жерге, білім алған мектебіне деген құрметтерін қалыптастыру болып табылады. Тәрбие сағатын мектепті 2005 жылы бітірген Нугманов Әуез Хасенұлы - Жамбыл облысы перинаталды орталықтың меңгерушісі, жоғары білікті дәрігер өткізді.
Әуез Хасенұлы мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда неге көп көңіл бөлу керектігі, қоғамда сұранысқа ие мамандықтар жайлы айтып берді. «Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ маман сол мамадықтың нағыз майталманы болу керек»,- деді өз сөзінде. Оқушылар өз кезегінде пікірлерін білдіріп, келген қонақа сұрақтар қойды. Мектеп психологы Г.Аширова оқушыларға «Психогеоетрия-өзін-өзі тану» психологиялық тренингін өткізді. Кездесуді мектеп-гимназия директоры Жумадилова Дариға Мырзатайқызы қорытындылады.


