17
апрель
2024
“Сабақты зерттеу - білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі” тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында жетекші мектеп шеберханасы аясында “Сабақты зерттеу - білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі” тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинар жұмысының пленарлық бөлімінде ПШО Тараз қаласы филиалының аға менеджері Шакизат Алтаева баяндама жасады. Іс-шара барысында мұғалімдер зерттеу сабақтарын өткізіп, талдау тәжірибесі және зерттеу рефлексиясымен бөлісті. Мектеп-гимназия психологтары тренинг өткізіп, Падлет платформасы арқылы семинар қорытындыланды. 


