14
апрель
2021
"Ыбырай еңбектері -тәрбиенің алтын діңгегі" тақырыбында қалалық семинар
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде онлайн форматында "Ыбырай еңбектері -тәрбиенің алтын діңгегі" тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинардың мақсаты: Ұлт тарихында мәңгі өшпейтін кемел тұлға -Ыбырай Алтынсаринның шығармасы арқылы білім алушыларды білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке шақыру. Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Сандуғаш Орысбекқызы, қала мектептері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты. Семинар барысында №49 мектеп-гимназия, №46, №54 орта мектептерінің сахналық көрінісі, сынып сағаты, баяндама, шығармашылық іздену жұмыстары көрсетіліп, соңында "Кел, балалар, оқылық!" челленджі бастау алып №12, №15, №30 мектеп-гимназияларға жолданды.
