22
январь
2021
"Төңкерілген оқыту әдісін оқыту үрдісінде тиімді қолдану" тақырыбында қалалық вебинар
Мектеп-гимназияда 20 қаңтар күні "Төңкерілген оқыту әдісін оқыту үрдісінде тиімді қолдану" тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. Вебинар барысында қашықтықтан оқыту жағдайында жетекші мектептің жұмысы, сабақты зерттеу үдерісінде төңкерілген оқыту әдісінің тиімділігі, төңкерілген сынып моделі тақырыптары қамтылды. Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының тренері Шакизат Құдайбергенқызы "Төңкерілген сынып моделі: аралас тәсіл" тақырыбында баяндама жасады. Жаратылыстану пәндерінен "Төңкерілген оқыту әдісі" бойынша ашық сабақтар берілді. Вебинарда қалалық білім бөлімінің әдіскері Алмагүл Орынбаевна қорытындылады.




