14
май
2018
Жігіт сұлтаны
2018 жылдың 11 мамыр күні 2-сыныптар арасында «Мен атамның ұлымын» атты тақырыпта жігіт сұлтаны байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты ата салтын насихаттай отырып, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білу. Үміткерлер таныстыру, сұрақ-жауап, спорттық сайыс және «Мен өнерлі жігітпін» бөлімдері бойынша бақ сынасты. Байқауға қатысқан жігіттердің барлығы тамаша өнер көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша 2 «д» сыныбы Нұрсейіт Алмат «Бас жүлде» , 2 «е» сыныбы Үсмәнәлі Еркебұлан І орын, 2 «в» сыныбы Ерғали Али ІІ орын , 2 «г» сыныбы Ермекбай Нұрислам ІІІ орынды иеленді.
