30
март
2018
Қош келдің, Әз Наурыз
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау байқауы болып өтті. Бастауыш сыныптар, «Күншуақ» шағын орталығы қызметкерлері, кіші қызметкерлер және пән мұғалімдері өздерінің наурыз мерекесіне дайындап келген қазақтың салт-дәстүрлерін көрерменге көрсетті. Олардың ішінде «Күншуақ» шағын орталығының «Беташар» рәсімін көрсетіп өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерімен бірге Бас жүлдені иеленсе, кіші қызметкерлер «бесікке салу, қырқынан шығару» рәсімін көрсетіп І орынды иеленді, бастауыш бірлестігі «қыз ұзату мен құда түсу» рәсімін көрсетіп ІІ орынды иеленді.


