15
январь
2019
Ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға хабарлама
Ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға хабарлама
Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сәйкес, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктердегі ұрлық қылмыстардың, оның ішінде, қалта ұрлықтарының (жеке мүлік пен ақша, құжаттарды ұрлау фактілері) жиі тіркеліп, көбейіп жатқанын Сіздерге хабарлап, ұрлықтың алдын алу мен одан сақтануды ескертеміз.
Құрметті ата-ана, мұғалімдер және оқушылар!
- Қоғамдық көліктерде жеке заттарыңызға немқұрайды қарамай, сақтықпен жүріп, ірі сауда орындары мен өзге де қоғамдық орындарда мұқият болыңыздар;
- Құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды және ақшаңызды киімнің ішкі қалтасында ұстауға кеңес береміз, ұялы телефон ұрлығынан сақтаныңыз.
Жол-көлік оқиғалары орын алатын жерлерде абай болып, жолдан өткенде қауіпсіз өту ережелерін сақтаңыздар!
Мүлкіңіз ұрланған жағдайда тиісті мекемелерге хабарлаңыз!
Мектеп әкімшілігі