27
август
2018
"Мектепке жол" акциясы
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке толықтай баруын қамтуы жайлы тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты: әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя және мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олардың мектепке баруына көмек көрсету болып табылады.
Осы мақсатпен «Тараз-Су» мекемесінің басшысы Смаилов Марат Райымбекович басқарып отырған ұжымы №49 мектеп-гимназиядағы әлеуметтік жағдайы төмен он оқушыға көмек көрсетті. Көрсетілген көмектің сомасы әр оқушыға 20 000 (жиырма мың) теңге, жалпы сомасы 200000 теңгені құрады. Ол сомаға әр оқушыны мектеп формасымен, аяқ киіммен және оқу құралдармен қамтамасыз етті. «Тараз – Су» мекемесіне ата-ана Бақтыбаева Роза өз алғысын білдіріп, сөз сөйледі.

