Біз туралы » Страница 26 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақты жоспарлау" тақырыбында оқыту семинары өтті.
30
ноябрь
2019
"Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақты жоспарлау"
   Дұрыс құрылған сабақ жоспары ғана сабақтың тиімділігін арттырады. Осы орайда 30 қараша күні "Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақты жоспарлау" тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары К.Шардарбекова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Ақылбаева өткізді. Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бойынша әрбір сабаққа дайындықтың маңыздылығымен, тиімді, сапалы сабақты жоспарлау жолдарымен танысты. 
Біздің жетістіктеріміз!
29
ноябрь
2019
Біздің жетістіктеріміз!
          Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет. Оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Тек ізденісте жүріп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаз жетістікке жетеді, жемісін көреді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша өткізген сабақтарын «Талапты, талантты жастар»  интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен 2019 жылдың қараша айында Республикалық педагог мамандар арасында
Біздің жетістіктеріміз!
27
ноябрь
2019
Біздің жетістіктеріміз!
          Мектеп -гимназияда танымал жазушы, мәскеулік Н.А.Зеньковичтің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев туралы "Назарбаевтай болғым келеді" кітабы 4 "а", 4 "б" сыныптарына кітапханалық сабақта насихатталды. "Алғашқы мұғалім", "Қарасай батыр", "Сұлтан салған саман үй" әңгімелерін оқи отырып, талдау жасалды. 
"ПедСтарт" қашықтық олимпиадасы
27
ноябрь
2019
"ПедСтарт" қашықтық олимпиадасы
27 қараша күні "Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығы өткізген "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, І дәрежелі дипломмен Ж.Ж.Молдабекова, ІІ дәрежелі дипломмен С.Исабекова марапатталды. Құттықтаймыз!!!  
"SMART мақсат: дұрыс бағдар - нақты нәтиже" тақырыбында коучинг өтті.
25
ноябрь
2019
"SMART мақсат: дұрыс бағдар - нақты нәтиже" тақырыбында коучинг өтті.
         Бүгінгі күні көшбасшы мұғалімдер - мектепке жаңалық әкелуші, оқу үлгерімін жақсартушы, сондықтан мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп отырғаны абзал. 23 қараша күні мектеп-гимназияда "SMART мақсат: дұрыс бағдар - нақты нәтиже" тақырыбында коучинг өтті. Коучингті география пәнінің мұғалімі Нарымбетова Гүлбахыт өткізді. Қатысушы мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қоюды біле отырып, сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын үйренді.
Біздің жетістіктеріміз!
19
ноябрь
2019
Біздің жетістіктеріміз!
       Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгеріске ұшыраса да, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді.Заман ағымына сай ұстаз өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Республикалық қашықтық олимпиадасынан математика, физика пән мұғалімдері Туралиева А.І дәрежелі дипломмен, Аубакирова Б, Амриева А, Тасболат С, Мұратбаев А ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз !!!  
"Шығармашылық жұмыс: ұстаз мәртебесі" атты облыстық on-line байқауы
13
ноябрь
2019
"Шығармашылық жұмыс: ұстаз мәртебесі" атты облыстық on-line байқауы
      Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған "Шығармашылық жұмыс: ұстаз мәртебесі" атты облыстық on-line байқауына қатысып, "Ең үздік" қысқа мерзімді сабақ жоспарын жариялап, жүлделі орындарды иеленді.
"Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" атты байқау
01
ноябрь
2019
"Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" атты байқау
      Қалалық "Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" атты байқауында Ахылова Динара Мұратқызы жүлделі III орынмен марапатталды. Динараны жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
Біздің мақтаныштарымыз!
16
октябрь
2019
Біздің мақтаныштарымыз!
     Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы департаменті "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық кеңсесі білім алушылардың бойында парасаттылық принциптерін қалыптастыру мақсатында "Парасатты болашақ " атты 8-11 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауын өткізді. Байқауға мектеп-гимназияның 9"Ә" сынып оқушысы Болат Шоқжан қатысып, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!