Біз туралы » Страница 24 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауы
29
февраль
2020
Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауы
     Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауында "Ұлттық колориті бар макеттер" номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қадыров Ерасыл Машанович ІІІ орынды иеленсе, "Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым" номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жунисова Ақмарал Сериковна ІІ орын алды. Құттықтаймыз!!!  
"Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында қалалық семинар
26
февраль
2020
"Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында
     26 - ақпан күні бастауыш сынып бірлестігінде "Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында қалалық семинар - практикум өтілді. Семинарда ашық сабақтар, тренинг және сыныптан тыс жұмыстар көрсетілді. Ұстаздар сабақтарында жаңартылған білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, көрсете білді. Семинарға келген қонақтар ризашылығын білдірді.  
Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауы
24
февраль
2020
Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауы
     Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауына қатысып бас жүлде иегері атанған, сонымен қатар облыстық байқауға жұмысы жіберілген Абдухамит Мединаны құттықтаймыз. Жетекшісі Жунисова А.
"Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру" тақырыбында оқу семинары
24
февраль
2020
"Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби
     "Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру" тақырыбында оқу семинары өтті. Семинарға мектеп мұғалімдерімен бірге №25,47 серіктес мектеп мұғалімдері қатысты. Серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып,оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқу мақсатына жетудегі тиімді жолдарды анықтау үшін коучинг, ықшам сабақтар өткізілді.Қорытынды жасалып,әріптестер кері байланыстарын ортаға салды. 
"Үздік педагог - 2020" байқауы
20
февраль
2020
"Үздік педагог - 2020" байқауы
     20.02.2020 ж. күні "Үздік педагог - 2020" байқауы болды. Байқау 4 кезеңнен тұрды. І кезең - мұғалім портфолиосы, ІІ кезең - "Кәсіби шеберлік" кезеңінде мұғалім өзінің негізгі ұстанымдары мен жұмысындағы басым бағыттары жайлы айтты, ІІІ кезеңде "Ықшам сабақтары" қорғалды. Барлығы байқауға 18 мұғалім қатысуды бастап, қорытынды кезеңіне 7 мұғалім іріктелді. Ақтық сайыста 4 кезеңнің қорытындысы бойынша "Бас жүлдені" тарих пәнінің мұғалімі Сыздықбаева Алия жеңіп алды.  
"Әл-Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы" атты облыстық эссе жазу байқауы
18
февраль
2020
"Әл-Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы" атты облыстық эссе жазу байқауы
    Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай өткізілген "Әл-Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы" атты облыстық эссе жазу байқауының "Бас жүлде" иегері 11-сынып оқушысы Қалдар Аружанды және жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенесариева Гүлнұрды жеңістерімен құттықтаймыз!  
Онкүндіктің ашылуы
23
январь
2020
Онкүндіктің ашылуы
23 қаңтар күні "Жаратылыстану пәндерінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді қолдану" тақырыбында онкүндіктің ашылуы салтанаты өтті. Түрлі іс-шаралар, жаңартылған білім мазмұнына сай ашық сабақтар жоспарланды. 
"Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары" тақырыбында оқыту семинары
22
январь
2020
"Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім тәжірибесін жетілдірудің
      22.01.20 ж. күні Педагогтардың шеберлік орталығының тренерлері А.Ш.Джурунова, Д.М. Абуталиева, менеджер-әдіскері Н.М.Тұрысбекова "Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға мектеп-гимназия мұғалімдері мен серіктес мектеп мұғалімдері қатысты. Семинарда оқыту мен оқу сапасын арттыру құралы ретінде, мұғалімдердің тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары мен тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді жүзеге