Біз туралы » Страница 16 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!
04
март
2022
Республикалық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!
      Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиадасының ІV кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысқан 6 сынып оқушысы Алпысбай Айша мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі: Бақытжанова Әсел.
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті
02
март
2022
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті.  Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Оқушылар оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты. Мектеп-гимназия директоры Гульфия Сәбитқызы сөз алып, оқушыларды құттықтады.
"Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы
23
февраль
2022
"Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы
   Р. Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай  Оқушылар сарайында қалалық "Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы ұйымдастырылды, Байқауға қатысқандар жүлделі орындармен марапатталып, нәтижесінде 9 "Е" сынып оқушысы  Сатан Фариза 3 орын,  4 "Г" сынып оқушысы Қайсарқызы Сабина  2 орынды иеленді.  Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Үкіжанова А.
V республикалық шығармашылық және өнер байқауы
21
февраль
2022
V республикалық шығармашылық және өнер байқауы
М. Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Ақын халықтың жүрегінде" атты V республикалық шығармашылық және өнер байқауына қатысып вокал жанры бойынша І орынды иеленген Ерғали Адия, Сатан Фаризаны және жетекшісі музыка пәні мұғалімі А. Үкіжанованы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
09
февраль
2022
"Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Экологиялық білім беру жобасы бойынша 8 "В" сынып білім алушыларымен  "Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Жетекшісі:  география пәні мұғалімі Г. Нарымбетова, Э.Сагындықова
Қалалық семинар
31
январь
2022
Қалалық семинар
28 қаңтар күні ағылшын тілі бірлестігінің "Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану" тақырыбында қалалық семинар өтті.
"Оқу үшін бағалау: Оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушылардан кері байланыс алу" тақырыбында семинар өтті.
31
январь
2022
"Оқу үшін бағалау: Оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушылардан
26 қаңтар күні  жетекші мектептер арасында онлайн түрде "Оқу үшін бағалау: Оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушылардан кері байланыс алу" тақырыбында қалалық семинар  өтті.
Республикалық олимпиада жеңімпазы
24
январь
2022
Республикалық олимпиада жеңімпазы
2022 жыл. "Clever" ағылшын тілі бойынша педагогтарға арналған Республикалық олимпиададан I-дәрежелі диплом.