Біз туралы » Страница 14 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық "ART BAYTEREK" байқауының жеңімпазы
17
май
2022
Республикалық "ART BAYTEREK" байқауының жеңімпазы
     "Атадан мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық "ART BAYTEREK" байқауында "Эстрадалық вокал"  номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін "Жүректегі әуен" балалар хорына мектеп -гимназия оқушылары қатысып "Бас жүлде" иеленді.  Жүлделеріңіз құтты болсын! Байқауға қатысқан бүлдіршіндер мен жетекшісі музыка пәні мұғалімі Үкіжанова Айнұрды құттықтаймыз!.
15 мамыр "Халықаралық отбасы" күні
16
май
2022
15 мамыр "Халықаралық отбасы" күні
15 мамыр "Халықаралық отбасы" күніне орай 3"Е" сыныбында "Отан отбасынан басталады" тақырыбында сынып сағаты өтілді және ата-аналармен бірлесіп "Отбасы-бақыт, махаббат және қамқорлық..." тақырыбында еркелету сәтінен фото көрмесі ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Каржаулова Г.М.
Облыстық " Мағжан оқулары" байқауының жүлдегері
06
май
2022
Облыстық " Мағжан оқулары" байқауының жүлдегері
    Облыстық "Мағжан оқулары" байқауында өз туындысы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Телғараев Абылай жүлделі 3 - орынды иеленді, жетекшісі Жанна Саттерова. Құттықтаймыз, еңбегіңіз жансын.
Тапқыр болсаң,тауып көр.
05
май
2022
Тапқыр болсаң,тауып көр.
4 сыныптар арасында интеллектуалды ойын өтілді. Тақырыбы: Тапқыр болсаң,тауып көр. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Ойнай отырып, топтар арасындағы жарыстар болады. Сендерге түрлі тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады.Әр сұрақтар мен тапсырмалар балдық жүйемен есептеледі.Тапсырманың жеңіл,қиындығына қарай ұпай саны қойылған. Бейне сурактары да қойылды.Соңында ұпай саны есептеліп,жеңімпаздар анықталады.
"Мен зерттеуге үйренемін" ғылыми жоба байқауы
05
май
2022
"Мен зерттеуге үйренемін" ғылыми жоба байқауы
     Мектепішілік 2-4 сынып оқушылары арасында өтілген "Мен зерттеуге үйренемін" ғылыми жоба байқауында 3 сыныптар бойынша І-орын алғаны үшін 3"Е" сынып білім алушысы Абуир Каусар мақтау қағазымен марапатталды! Жоба жетекшісі: Каржаулова Г.М.
Әлем КУБОГЫНЫҢ жеңімпаздарын құттықтаймыз!
03
май
2022
Әлем КУБОГЫНЫҢ жеңімпаздарын құттықтаймыз!
         Мәскеу қаласында өткен әлемдік "Шотокин" спорттық жарысында картэден командалық есепте "БАС ЖҮЛДЕНІ" иеленіп, ӘЛЕМ КУБОГЫН жеңіп алған мектеп-гимназия оқушылары Тұрсынбай Бекзат, Әбілжан Рамазан, Советхан Ерұлан, Байсейітұлы Ерболсын, Нұрлан Ақназар, Сенбекұлы Санжар, Нұрлан Адина, Аман Айша, Жуандық Асыл, Тұрсынбай Аягөз, Улугбек-Улы Эльбек, Жигит Мирас, Мұрат Ерсұлтанды және жетекшісі Кульбаев Бағланды жеңістерімен құттықтаймыз!  Бағындырар белес, алар асуларыңыз азаймасын.
Мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті.
30
апрель
2022
Мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті.
       Мектебімізде бастауыш сынып білім алушыларының зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыра отырып, ғылыми-зерттеу мен оқу-танымдық қызметін ынталандыруға бағытталған, жас зерттеушілерді іріктеу және оларды қолдау мақсатында 30 сәуір күні мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға 2-4-сынып білім алушылары қатысты. "Қоршаған әлем – экология, жануарлар мен өсімдіктер әлемі" бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Жас зерттеушілер ғылыми
"Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық шеберлік сынып өтті.
27
апрель
2022
"Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық
     26.04.22ж Ы Алтынсарин атындағы 49 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ,педагог- зерттеуші Н. Т . Ашированың "Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық шебер сыныбы өтті.Шеберлік сыныбына қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері келіп қатысты. Келген қонақтарды тіркеуден соң,бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді. Шеберлік сыныпты мектеп-гимназия директоры Г.С.Джолдасова сөз сөйлеп ашты.Мектеп-гимназия педагог-психологы Ш
Бірлік сағаты 4г сыныбы.
26
апрель
2022
Бірлік сағаты 4г сыныбы.
     1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бірлік сағаты 4г сыныбы. Сынып жетекшісі Дайрабаева Мейркуль
"1 мамыр -бірлік, ынтымақ күні"  атты "Бірлік сабағы" өткізілді.
25
апрель
2022
"1 мамыр -бірлік, ынтымақ күні" атты "Бірлік сабағы" өткізілді.
25.04.2022ж.күні 5"A" сынып білім алушыларымен "1 мамыр -бірлік, ынтымақ күні"  атты "Бірлік сабағы" өткізілді.  Оқушыларға көп ұлттың достығынан құралған Қазақстан Республикасы өзге елге құшағын айқара ашып, алтын бесік бола білген мемлекетіміз турасында айта отырып, елінің патриоты болуға,  елін, жерін, халқын құрметтеуге тәрбиелеу тәрбие сағатының басты мақсаты болды. Сынып жетекші Рахманова Г.О