Алтын белгі үздік аттестат алған оқушылар 2024-2025 оқу жылы
2024-2025 оқу жылында негізгі орта мектепті 9-сыныптар бойынша 179 білім алушы аяқтады. Оның ішінде 18-і үздік аттестат иеленді. Жалпы орта мектепті 119 білім алушы аяқтады. Оның ішінде 7-уі «Алтын белгі» аттестатының иегері, 10-ы үздік аттестат иегері атанды. Ұлттық бірыңғай тестке мектеп бітіруші түлектер жылына 4 рет тапсыра алады. Қаңтар, наурыз, мамыр, маусым айларында. Мамыр- маусым айларында өткен негізгі ҰБТ-ға 116 білім алушы қатысты.