07
сентябрь
2021
«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс шара
1-9-қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың мектепке баратын, мектептен қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп тұруларына жағдай жасап, балалардың қатысуымен орын алған жол апаттарына талдау жүргізіп, төтенше жағдайлар мен басқада өрескел құқық бұзушылықтарды болдырмау болып табылады. Осыған орай 4 "Ә" сынып оқушылары "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" тақырыбына өз туындыларын ұсынды. Сынып жетекшісі: Сапаева Жанар


