14
март
2024
"Мамандық таңдау – маңызды қадам" тақырыбында пікір алмасу
Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осыған орай 9-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери колледж мамандары "Мамандық таңдау – маңызды қадам" тақырыбында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.