23
декабрь
2021
"Мамандық таңдау- болашақ таңдау" тақырыбымен дөңгелек үстел
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Осыған орай Д. Қонаев атындағы балалар кітапханасының қызметкері Ж. Ауелева 9-сынып оқушыларына "Мамандық таңдау- болашақ таңдау" тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
